Ақтөбеде шатыр басып қалған көліктен екі азамат құтқарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
«Екпінді желдің салдарынан Алматы ауданында қойма ғимаратының шатыры ішінара бұзылу салдарынан 2 жеңіл автокөлік зақымдалды», — делінген хабарламада.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көліктен өздігінен шыға алмаған 43 жастағы ер адам мен 13 жастағы баланы кесуге арналған құралдардың көмегімен құтқарып алды.