Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2024
  • 965

Маңғыстау облысында 32 жастағы әйел құтқарылды.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде жағадан 30 метр қашықтықта өз бетінше жағаға шыға алмаған 1992 жылы туған әйелді құтқарды.

Әйелге медициналық көмек қажет болмады, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Осындай қауіпті жағдайларды ескеріп, ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.