Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да қатты дауылдан екі елдімекендегі үйлер мен нысандардың шатыры қирады

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2024
  • 692

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының екі елдімекенінде қатты дауылдан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатыры қирап қалды, деп хабарлайды Altainews.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов оқиға орнына барып, жапа шеккендер тұрғындармен кездесті.

Қатты желден Малоубинка ауылында төрт тұрғын үйдің шатыры толық қирап, 12 үйдің шатыры жартылай бүлінген. Ал ауылдағы әлеуметтік-мәдени нысандарға залал келген жоқ.

Дәл осындай жағдай Быструхада да болған. Мұнда үш үйдің шатыры жартылай қирап, қора-жайлар бүлінген. Үш бизнес нысанына залал келген. Ауылдағы мәдениет үйінің шатыры толық қирады.   

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, табиғат апатынан келген шығынды есептейтін комиссия құрылды. Зардап шеккендердің барлығына 100 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді.