Қазақстан
биыл 81 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Оның 65 миллионы экспортқа
шығарылады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. 2017 жылы мұнайға
болжамды баға барреліне 50-55 долларды құрайды.
Аймақтар бойынша мұнай
өндіруден Атырау облысы алда келеді.
2016 жылы облыста 33,5 миллион тонна шикізат өндірілген. Маңғыстауда -
18,1 миллион, Батыс Қазақстанда 12,3 миллион, Қызылорда - 7,6 млн, ал Ақтөбе
облысында 6,3 миллион тонна мұнай өндірілген. Қара алтынды өңдеу 2017 жылы 14,5
миллион тонна деп жоспарланған. Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан 47 миллиардқа
жуық текше метр газ өндірсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 48 миллиардтан аспақ. Оның
13,7 миллиард текше метрі экспортқа жөнелтіледі, - деді Қанат Бозымбаев.
Қанат
Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Әлемдегі
мұнай бағасының өсуіне ОПЕК елдері өндіру көлемін төмендету бойынша
міндеттемелерінің әсері тиді. Оған Қазақстан да қосылды. Қашағанда 8 миллион, Теңізде 27,5 миллион,
Қарашығанақта 11,9 миллион тонна мұнай өндірілетін болады.