Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматының жолын дұрыс жөндемеген компаниялардан 754 млн теңге өндірілді

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2024
  • 625

Алматы прокурорлары автомобиль жолдарын жөндеу кезінде заң бұзылған фактілерді анықтады. Мердігер компанияны Жоғарғы Сот жазалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманың сақталуын тексерген. Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізілген.

«Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды. Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Алматы қаласының қалалық мобилділік басқармасына қадағалау актісі енгізілді. Оны орындау үшін басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстарымен қамтамасыз етті», - делінген ақпаратта.

Жоғарғы соттың қаулысымен жеткізушілерден 754 млн теңге өндірілді.