Қазгидромет болжамынша 12 маусымға дейін ел аймақтарында ауа райының құбылмалы болады.
"Елдің көп бөлігінде ауа-райы атмосфералық фронтальды аймақтарды қалыптастырады. Атап айтқанда найзағай мен қатты жел болады. Нөсер жаңбыр 11-12 маусымда шығыста, 13 маусымда елдің орталығында жауады деп болжануда", – делінген хабарламада.
Ауа температурасы солтүстікте +20+25 дейін, шығыста және орталықта +22+32 градустан +18+26 градусқа дейін болады. Ал оңтүстікте +33+40 градус ыстықтан +25+35-ке дейін төмендеуі мүмкін. Батыста +33 + 40 градусқа дейін қатты ыстық болжануда.