Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда «Есірткі мафиясы» қылмыстық ісіне қатысы бар полицей сотталды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2017
  • 2615

Қостанайда есірткі бизнесін «қалқалап» келген тағы бір экс-полицей жаза арқалады. Қалалық ішкі істер бөлімінің бұрынғы қызметкері сот үкімімен 3 жылға түрмеге тоғытылатын болды. Тәртіп сақшысы, заңсыз әрекет жасағандарды жазаға тартудың орнына, олардың қылмысын жасырған. Осы қызметі үшін бірнеше рет пара алған. Сотталушы  кінәсін толық мойындады. «Аға лейтенант» шенінен айрылған оның енді  6 жылға дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге құқы жоқ. Бұған дейін үй-қамақта болған Әмір Түлкеновтің қолына сот залында кісен салынды. «Есірткі мафиясы» деген атышулы қылмыстық іс бойынша осымен он жетінші полицей жазаға кесіліп отыр.

Батырбек Құдабаев, Қостанай қалалық № 2 сотының судьясы:

Рақымшылыққа байланысты Түлкеновке тағайындалған жазаның төрттен бір бөлігі қысқартылып 3 жылға бас бостандығынан және 6 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан айырылсын. Меншігіндегі дүние-мүлкі тәркіленсін. 

Заңғар САНАЙ