Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан 880 велосипед ұрлығы тіркелді

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2024
  • 380

Жыл басынан 880 велосипед ұрлығы тіркелді. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Маусымдық қылмыстардың тағы бір түрі – велосипед ұрлығы. Велосипед ұрлығы әдетте екі дөңгелекті көлік иелерінің немқұрайлылығынан болып жатады. 2023 жылы республика аумағында 2 528 велосипед ұрлығы тіркелді. Ал, биыл 5 айда осындай 880 қылмыс жасалып отыр. Мысалы, өткен жылы Астанада 25-тен астам велотехника ұрлаған кәнігі ұры ұсталды. Барлық жағдайда қылмыскер дұрыс бекітілмеген және қараусыз қалған велосипедтерді қолды еткен», - деді ол ведомствода өткен апталық брифингіде.

Оның айтуынша, көпқабатты үйлердің кіреберісі қауіпсіз орын емес.

«Статистикаға сүйенсек, керісінше көпқабатты үйдің кіреберістері велосипед жиі ұрланатын жер саналады», - деді ресми өкіл.