Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендік сот орындаушы 50-ден астам отбасылық жұпты жарастырды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2017
  • 2324

Өскемендік сот орындаушы Жанар Мәдинова ажырасуға бел буған 50-ден астам жұпты жарастырған. Ері мен әйеліне татуласудың жолын үйретіп, романтикаға толы хаттар жазуға көмектесті. Әріптестері оны «погонды махаббат жаршысы» деп атайды.

Жарасуға екінші мүмкіндік алғандардың бірі - Максим Горбатов - әйелімен мінездері жараспаған соң ажырасуға арыз жазған. Алайда, уақыт өте келе, өміріндегі ең басты құндылық отбасы екенін түсінеді.

Максим Горбатов,  Өскемен қаласының тұрғыны:

Ең бастысы бала, ол үшін әрдайым ортақ келісімге келуге болады, сондықтан отбасын сақтауға тырысасың. Қазір бізде бәрі жақсы. Ұлымыз да өте бақытты.

Жанар алғашында қызметке психолог ретінде келген. Уақыт өте келе, сот орындаушысына айналған нәзік жанды аруға отбасылардың ынтымағын сақтауға ұйытқы болу қиындық туғызбаған.

Жанар Мәдинова, ШҚО бойынша алименттер мен айыппұлдар өндіру мекемесінің сот орындаушысы:

Адамдар айтуға сөз таппай қобалжиды. Ер азамат үшін отбасы бәрінен де қымбат. Мен оларға бірінші болып қадам жасауды ұсынам. Телефон шалу, баланы тосып алу, әдеттегі СМС-терді жібере салмай, сезімін білдіріп хат жазу секілді тәсілдер көп. Қағазға жазылған хат - нағыз романтика. Бей-жай қалдырмайды, адамға әсер етеді.