Русский Сайттың толық нұсқасы

"Дәрігерлердің тапшылығы байқалады", - А.Әлназарова

Елімізде дәрігерлер тапшы. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, терапевт, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог мамандар жетіспейді. Министр бұл мәселе денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жоспарлау кезіндегі кемшіліктердің болуын дәлелдейді деді. Тиісті шаралар жүргізу қажет екенін айтты.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,  ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Денсаулық сақтау жүйесінде 270 мыңнан астам медицина қызметкерінің 80 мыңнан астамы дәрігерлер болуына қарамастан, олардың тапшылығы азаймай отыр. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсететін әлеуметтік қолдау шараларын бірыңғайландыруды, денсаулық сақтау саласы мамандарының тапшылығын ескере отырып, кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді болжамдау жүйесін жетілдіру қажет.