Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда пияз, картоп және қырыққабат арзандады

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2024
  • 5195

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі төмендеген. Ал, макарон өнімдері мен күріштің бағасы керісінше шекті мәннен асқан.

Павлодарда пияз 10%-ға, картоп 8%, қырыққабат 22%-ға арзандады. Сондай-ақ күнбағыс майының бағасы да шамамен 3-5%-ға төмендеген.

Өңірлік әкімдіктің дерегінше, бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында 13,9 мың тонна өнім бар. Тұрақтандыру қорынан өнімдерді алу жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқаны байқалады. Барлық әкімге, соның ішінде Тереңкөл, Павлодар, Ақтоғай және Шарбақты аудандарының әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру міндеттелді.

«Жыл басынан бері барлық баға тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу комиссиясы 64 делдалды жойды. Сонымен қатар статистика деректері бойынша макарон бағасының және 6 ауданда күріш бағасының шекті мәннен асуы тіркелді. Өнімдердің әрбір түрін талқылағаннан кейін облыс әкімі 15% сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуді, әр сенбі сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді тапсырды», - деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, елімізде азық-түліктің баға индексі бір аптаның ішінде 0,1% төмендеді.