Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жаңа банк пайда болады

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2024
  • 1695

Елімізде кореялық BNK Finance Kazakhstan шағын қаржы ұйымы жұмыс істейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның екінші деңгейлі банкке айналуын қолдайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа құжат инвестициялардың сақталуына мониторинг жүргізу тәртібін реттейді. Елімізде "BNK Finance Kazakhstan" кореялық микроқаржы ұйымы жұмыс істейді. Мен оны екінші деңгейлі банк ету туралы шешімді қолдаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстан мен Корея ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып жатқанын атап өтті.

“Қазір Кореяның жоғары оқу орындарында 2 мыңнан астам қазақстандық жастар білім алуда. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда техникалық мамандарды даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Мұны кореялық әріптестеріміз қолдады. Біздің елдеріміз ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті. Осы орайда Түркістан қаласында Корея университетінің филиалын ашу мәселесі пысықталады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ екі тарап мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға да ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

“Қазақстанда тұратын 120 мың этникалық корей ұлтының өкілдері екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарады және оған өлшеусіз үлес қосады. Өз кезегінде Кореяда білім алып жатқан мыңнан астам қазақстандық жастар мемлекеттер арасындағы "достықтың алтын көпірі" саналады, – деді Мемлекет басшысы.