Русский Сайттың толық нұсқасы

Times Higher Education рейтингіне Қазақстаннан 26 жоғары оқу орны кірді

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2024
  • 1641

Бүгін, 12 маусымда Times Higher Education жоғары білім саласындағы халықаралық рейтинг агенттігі Impact ranking 2025 БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу рейтингісінің жаңа шығарылымын жариялады.

Бұл рейтинг алтыншы жыл қатарынан жасалып отыр және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті көрсетеді.

Рейтингке әлемнің 125 елінен 2152 университет кірді.

Әлемдік көшбасшылар — ГФР жоғары оқу орындары.

Ең көп ұсынылғандары — Үндістан, Түркия және Пәкістан университеттері.

Қазақстан рейтингке 26 жоғары оқу орнын ұсынған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп (10 жоғары оқу орны).

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті топ-700 (401-600 орын) позициясына көтерілді.

Сондай-ақ рейтингке 6 ұлттық ЖОО, 10 мемлекеттік және 9 жеке ЖОО кірді.

Жаңа талдауда деректер континенттер, елдер және университеттер бойынша салыстырылды.

Қазақстандық жоғары оқу орындары білім сапасы, гендерлік теңдік және ТДМ мүдделеріндегі әріптестік сияқты негізгі индикаторлар бойынша рейтингке енген,-деп хабарлайды Қазақпарат.