Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында колония бастығы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2024
  • 1141

Алматы облысындағы колониялардың бірінің бастығының орынбасарына қатысты пара алу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысындағы №57 колония бастығының орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ақпаратты облыстық прокуратура өкілдері растады.

"Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс мәні бойынша қарауға Қонаев қалалық сотына жіберілді", - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігі бойынша құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья пара алса: мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға; не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.