Русский Сайттың толық нұсқасы

ЖОО-на грантқа түсу үшін ҰБТ-да қанша балл жинау керек

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2024
  • 2824

Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы мектеп түлектеріне пайдалы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгіме университеттердің гранттық байқауға қатысуы үшін шекті баллдар туралы болып отыр.

"Мысалы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінде "Математика мұғалімдерін даярлау" мамандығы бойынша грантқа түсу үшін 77 баллдан, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де 110 баллдан кем емес балл жинау керек, ал SDU University-не түсу үшін 120 ұпайдан жоғары болуы шарт".

Университеттердің толық тізімін және олардың шекті баллдарын мына жерден табуға болады.

24 мамырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ның алдын ала нәтижелері туралы айтты.