Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық дәрігерлер омыртқаға ерекше операция жасады

Отандық дәрігерлер жұлынға өзгеше операция жасап жүр. Мамандар: «науқасты бір күнде аяғынан тұрғызамыз», – дейді. Күрделі дерттің алдын алуда 300 жуық науқастың отасы сәтті аяқталған.

Жанбота ХАШХЫНБАЙ, ТІЛШІ:

Қазіргі күні жас талғамайтын ең көп таралған аурудың бір түрі- омыртқа ауруы.Отандық дәрігерлер жұлынға ерекше ота жасап,науқастың мойын омырқа дискісінің жарығын алып қимыл қозғалысын қалпына келтіруде.

Ал мамандар мұндай күрделі операцияның өз елімізде тегін жасалатынын айтады.Енді ауырып ем іздегендер шетел асып әуре сарсанға түспейді. Дерттің алдын алуда дәрігерлердің үлесі ұшан- теңіз. Мұндай операция медицинасы көші ілгері елдердің өзінде істеле бермейтін көрінеді. Жасалған күннің өзінде омыртқаны кесіп, орнына имплант салады.

Талғат КЕРІМБАЕВ, НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕР:

Қазіргі жасап жатқан науқас біз шеміршек жарығы дейміз немесе грыжа диска, науқастың мойнында шеміршегі шығып кеткен.Сондықтан ол жұлынды қысып аяқ қолына дұрыс қимылыс болмай жатыр.Қазіргі жасаған әдіс бұл кішкентай түтікше арқылы микраскоп,эндраскоп қолданып жанағы сол шеміршекті тесікпен алу.Осы әдісті көп қолданамыз нәтиже өте жақсы науқастарға өте жеңіл. Стандарттық әдістен қарағанда.

Өзге елде жұлын мен миға ем шара құны 40 мың доллардан басталады. Тіпті елімізде жасалатын мұндай операцияға шетелдіктер де сеніммен келе бастаған. Раушан Қасымқызы шыдатпас дерттен айығу жолында күш жұмсап , бір күннің ішінде аяғына тұрғызған Нейрохирургия орталығының дәрігерлеріне дән риза.

Раушан ҚАСЫМБАЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

Мен Алматы қаласынан келдім. 4 ай мүлдем жүре алмай сол аяғым қайырылып.Осы жаққа жіберіп еді келіңіздер деді. Бес күннің ішінде келдім.Понедельник күні жасады. ертесіне сразу тұрып кеттім.Барлығы жазылып жатыр.Мың алғыс бұл кісілерге .Адам жанының арашасы болып жүре берсін

Асқан тәжірибе мен қажыр қайратты талап ететін жауапты сала- ем іздеп талай жерде табанын тоздырған жандардың үмітін ақтаған.Ал мұндай дерттің алдын алуда дене қозғалысын көбейтіп, артық салмақтан арылу қажет. «Әрі түрлі энергетик және газдалған сусындардан бас тартқан жөн-дейді мамандар.