Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында 174 тұрғынды кене шаққан

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2024
  • 1174

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 174 адамды кене шағып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген, - деп жазды BAQ.KZ.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мұрат Муафиховтың айтуынша, облыстағы Алға, Қобда, Ырғыз, Ойыл, Әйтеке би аудандарында туляремияның, ал Байғанин, Ырғыз, Ойыл, Темір, Шалқар аудандары аумағында обаның табиғи ошақтары бар.

Биыл аталған департамент, Ақтөбе облысы обаға қарсы күрес станциясы, сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығының Ақтөбе облыстық филиалы табиғи ошақтарға зоопаразитологиялық мониторинг жүргізген.

Тексеру іс-шаралары кезінде 24 мың кене мен 4 мың кеміргіштен, сондай-ақ 120 орыннан су сынамалары алынып, зертханаларға жіберілген. Нәтижесінде Шалқар ауданында кеміргіштерден обаның үш серологиялық оң нәтижесі, Қарғалы ауданында туляремияның бір қоздырғышы анықталған.

Туляремия — бұл микробтар туғызатын, безгекпен, лимфодениттің дамуымен, әртүрлі ағзаларды зақымдаумен өтетін ауру. Бұл аурулар аса қауіпті зооантропоноздық инфекциялар қатарына жатады. Олар адамдарға бүрге, кене арқылы жұғады. Сондықтан аурулардың алдын алу үшін көктем, жаз мезгілінде сақтанып жүрген абзал. Біз жыл сайын мұндай аурулардың алдын алу мақсатында мониторинг жүргіземіз. Мысалы, өткен жылы облыстың Шалқар, Байғанин, Ырғыз аудандарынан жиналған кеміргіштер мен бүргелерді зертханаға жіберіп, оның ішінде обаның 20 қоздырғышы, ал Қобда, Ойыл аудандарынан жиналған кенелерден туляремияның 11 қоздырғышы анықталды. Аурулар табылған ошақтарға дезинсекция, дератизация жүргізіліп, осы аудандарда тұратын 7800-ден астам тұрғын обаға және 1315 адам туляремияға қарсы екпе алды, — дейді Мұрат Муафихов.