Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 13 жастағы баланы көлік қағып кетті

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2024
  • 1069

Шымкентте 13 жастағы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ол Қазыбек би көшесі бойында жолды рұқсат етілмеген тұсынан кесіп өтпек болған екен. Жүргізушінің сөзінше, мектеп оқушысы жолға бірден жүгіріп шыққан. Мидың жабық жарақатын алған жәбірленуші балалар ауруханасына жеткізілген.

«13 жастағы бала жол апаты салдарынан қалалық клиникалық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілген. Балада арқа және жабық ми жарақаты. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, науқасты травматология бөлімшесіне жатқызды. Пациент дәрігерлердің бақылауында, жағдайы орташа», - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нақыпқызы.

Полицейлер қазір бұл іс тіркеліп, сараптама тағайындалғанын хабарлады. Егер ауыр жарақат алғаны белгілі болса, арнайы бап бойынша іс қаралатынын жеткізді.

«Аталған жайт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданатынын хабарлаймыз», - дейді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.