Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде көлік қағып кеткен әйел ауруханада қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2024
  • 996

Өскеменде көлік қағып кеткен әйел ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, оқыс оқиға 12 маусым күні кешкі уақытта Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында болған. Марқұм жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.

«Есенберлин даңғылында Lada Priora маркалы автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауыр жарақат алған әйел шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Ол бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.