Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясының "Таза бейсенбі" акциясы аясында Алматыдағы Әуежай маңы көлінің айналасы қоқыстан тазартылды

"AMANAT" партиясының "Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда. Алматыда Әуежай маңы көлінің айналасы қоқыстан тазаланды. Петропавл қаласындағы бас су құбыры сорғы стансасының аумағы ретке келтірілді. Шараға партия белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. 

1963 жылы су қоймасы есебінде пайда болған Әуежай маңы көлінің әсемдігіне көз тояды. Сондықтан мұндағы табиғатты тамашалауға келушілер көп. Халық көп жиналатын аумақты қоқыстан жиі тазартып, абаттандыру қажет.

Серікболсын САРЫБАЕВ,  «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін осы іс-шараға 50 шақты адам қатысуда. Оның ішінде «Жастар рухының» белсенділері. Бастауыш партияның өкілдері, біздің партиямыздың белсенділері, жалпы қала тұрғындары қатысуда. Бүгінгі «Таза бейсенбі» іс-шарасы барысында Әуежай маңы көлін тазалап, 50 шақты қап қоқыс шығардық.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акция Ақтау қаласында да белсенді түрде жүргізілуде. Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер мен бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері бекітілген. Қалада бұл жолы Оймаша көлінің жағасы тазартылды.

Абзал МАРАТ,  "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің Маңғыстауда "Таза Қазақстан" бойынша әртүрлі локацияда әртүрлі тазалау жұмыстарын жүргізудеміз. Бұған дейін Ыбықты сай, басқа да туристік нысандарда осы акцияны жүзеге асырдық.

Ал петропавлдықтар Қызылжар су кәсіпорнының сорғы станциясын тазалады. Алапат су тасқыны кезінде Есіл өзенінің деңгейі бірнеше метрге көтеріліп, аталған стратегиялық нысанды су басқан еді. Өзен ағынымен бірге түрлі қоқыс келіп, станцияның жан жағына үйілген.

 Сәлимхан СӘБИТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы акцияға қазіргі күні жастар көп қатысып жатыр. Бұл біз үшін өте қуанышты сәт. Олар санасында еліміздің болашағын ойлап жатыр. Сондықтан ертеңгі ұрпағымызға таза елді қалдыру үшін осы акцияны ұйымдастырып жатырмыз.

Акция аясында партия мүшелері бұл жерді тап-тұйнақтай етіп, полигонға 2 тонна қоқыс апарды. Жалпы облыс бойынша өткен аптада 100 тоннаға жуық қоқыс жиналды.