Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.  Премьер министр Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысымен және ауыл шаруашылығында қолданылып жатқан су үнемдеу технологиясымен танысты. Бөгет 35 мың гектардай суармалы жерді тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді. Олжас Бектенов су инфрақұрылымы мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігіне Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп нысандағы су деңгейін жобалық көлемге жеткізуді тапсырды. 

Данияр АНАРБЕКОВ, «ТАСӨТКЕЛ» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ УЧАСКЕ БАСШЫСЫ:

Қазір су қоймамызда 90 пайыз су толып тұр. Бұл сумен Шу және Мойынқұм аудандарын қамтамасыз етеміз. Қазір бізде реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сейсмикалық тұрақтандыру 2-ші этап. Олда аяқталып қалды. Катастрафический сброс соғылып жатыр. Және тренажный каналдарымыздың барлығы реконструкциядан өтті.