Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Орталық Азия сарапшыларының VII форумы өтті

"Орталық Азия - сенім графитациясы". Осындай атаумен Елордада Орталық Азия сарапшыларының форумы өтті. Осымен 7-ші рет өткізіліп жатқан шараға 5 елдің стратегиялық зерттеулер институттарының басшылары қатысты. Жиында аймақты дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланып, елдер арасындағы саяси, сауда-экономикалық ықпалдастықты нығайту жөнінде сөз қозғалды. 

Бауыржан ӘУКЕН, АЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІНІҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

Бұл іс-шараның маңызы өте зор. Негізгі талқыланатын тақырып Орта Азия елдері арасындағы сенім деңгейін көтеру. Біздің аймаққа қазіргі геосаяси, экономикалық тұрақсыздық кезінде өзара сенім деңгейін көтеру маңызды болып табылады.