Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. Аймақ басшысы Президентпен кездесу барысында өңірдің негізгі жетістіктерін баяндады. Қазір Алматы облысы өңірлік өнім бойынша тұрақты өсім көрсетіп, республикада 5 орынға тұрақтаған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, байланыс қызметі, көлік, құрылыс салалары мен сауда-саттық секторында да айтарлықтай өсім қарқыны байқалады. Кездесу барысында облыс орталығы Қонаевты, жаңадан құрылған Алатау қаласын және тұтас агломерацияны дамыту перспективасы талқыланды. 

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ,  АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Облыста 7 индустриялық аймақ құрылып жатыр. Өңірдің 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде 3,7 трлн теңге болатын 207 жоба енген. Биыл сомасы 446 млрд теңге болатын 58 жоба жүзеге асырылды. 5,3мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінуде.