Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2024
  • 1249

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Наш Костанай сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылған.

«Құтқарушылар Үй өзенінен өмір белгілері жоқ бір қыздың денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.