Русский Сайттың толық нұсқасы

Алтын тойын ерекше атап өткен жаңаөзендік ерлі-зайыпты желі қолданушыларын тәнті етті

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2024
  • 1459

Желіде 50 жылдық мерейтойында безендірілген көлікпен жүрген ата-әже көпті тәнті етті. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Жаңаөзендік Тұрдыбай Жұмағалиев пен Құралай Әлібекованы 50 жылдық мерейтойын атап өткен. Олар көлікті ерекше әсемдеп, жүзік пен шарлармен, кілем жайып безендірген. 

“Бұл күнді 9 маусымда атап өттік. Көлікті осылай безендіру кенже қыздың ойына келді, барлығын өзіміз істедік", – дейді ерлі-зайыптының қызы Нұрсұлу Жұмағалиева.

Ерлі-зайыптының алтын тойына 350-ге жуық адам келді.

Тұрдыбай Жұмағалиев 1956 жылы, Құралай Әлібекова 1954 жылы дүниеге келген. Екеуі де Қазақстанға Қарақалпақстаннан, кейін Жаңаөзенге келген.

Ерлі-зайыпты сегіз баланы өмірге әкелді, қазіргі уақытта алты бала, яғни екі қызы және төрт ұлы бар. 

Қыздарының айтуынша, ата-анасының некесін бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен түсіністік арқылы сақтап отыр.