Русский Сайттың толық нұсқасы

Онкологтар ісік ауруларын ерте сатыда анықтаудың тиімді жолдарын айтты

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2017
  • 3864

Алматы облысының дәрігерлері обырды дер кезінде анықтау мақсатында аудан орталықтарына мобильді топтар жөнелту арқасында оң нәтижеге қол жеткізді. Бүкіл әлемдік обырға қарсы күрес күні қарсаңында ел арасында скринингтік тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде онкологтар аурудың ерте сатысында 20-дан астам адамды анықтады. Он күндіктің қортындысы бойынша әсіресе әйелдер арасында қатерлі ісікке шалдыққандардың артқаны алаңдатып отыр.

Әсел Асылбекова мазасызданған соң өткен жылдың мамырында емханаға тексерілуге барған. Онкологтар әйелдің бастапқы күдігі расқа айналғанын мәлімдейді. Кеуде безінің обырына шалдыққан 37 жастағы келіншектің сырқаты екінші сатыда анықталған. Абырой болғанда, дәрігерлер жедел ота жасау арқылы өмірге қауіп төндіретін қатерді жойды. Ұзаққа созылған емнен соң Әсел үйіне оралмақ.

Әсел Асылбекова:

Менің өзім айтатыным елдерге, өз денсаулықтарын сақтау керек. Өмір ол өмірде бірақ рет беріледі. Сол өмірді таңертең тұрғанан бастап, кешке дейін қуанышпен жақсылықпен, құдайға шүкіршілік етумен өткізу керек деп ойлаймын. Шын мәнісіне келгенде, мен өзімді қазір өте жақсы сезінем.

Онколог-дәрігерлер халықты тексерілуден қашпауға шақырады. Ағзадағы ауруға бейім жерді қарату арқылы сырқатты ерте анықтауға мүмкіндік туатынын айтады. Қазір ауылды жерлерде де скрининг арқылы ауру ошағын анықтауға болады. Денсаулығына немқұрайды қарау, ұялу сынды психологиялық кедергіні жеңетін кез келді,-дейді ақ халаттылар.

Саяхат Олжаев, Алматы облысы аймақтық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері:

5-6 жыл болды аймақ-аймаққа барып, аудан-аудандарды сол кезде сондай нәтижеге жетіп отырмыз. Өйткені бәрін істеп отырғанның өзінде 1-2 сатыны көбейіп жатыр.  Онкологияның аурулары анықталып жатыр. Бірақ еміне келгенде, жаңа біздің азаматтарымыздың ауылдың азаматтарының сана сезімдері жетпей қорқып, нағыз мына диспансерге емделуге келмейді. Келгенің өзінде олар 3-4 сатыда бірақ келеді. Дәрігерлерге де қиын емдеуге, науқастың өзіне қиын.

Республика бойынша 160 мыңдай адам онкологиялық науқас ретінде есепте тұр. Ісігі ерте сатыда анықталып, айығып кеткендер көп емес. Осыдан төрт жыл бұрын бұл көрсеткіш 20 мың адамға аз болатын, дейді мамандар. Қазір науқастарды ерте сатыда анықтау жүйесі ептеп болса да жұмыс істей бастады. Тиісінше аурулар саны көбейіп отыр.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Алматы облысының онколог-дәрігерлері мобильдік топтарға бөлініп, шалғайдағы ауылдарды аралап қайтқан. Он күндік нәтижесінде 5 ауданнан 22 адамның ісік дерті ерте сатыда анықталыпты. Сондықтан мамандар бұл тәжірибені жиі қолданып отырмақ. Жалпы елімізде Обыр дертінің ішінде тері рагы, сүт безінің ісігі, өкпе және асқазан ауруларының асқынуы алдыңғы орында келеді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ