Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өмірден өткеніне 4 жыл". Ерке Есмахан марқұм әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2024
  • 12694

Ерке Есмахан марқұм әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Асқар тау әкеміздің өмірден өткеніне 4 жыл. Алла рахымына алсын. Әкеміздің құрдастары мен жақындарды шақырып, ағамның шаңырағында ас беріп жатырмыз", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, әншінің әкесі 2020 жылы өмірден өткен.

"Әлі де сене алмаймын. Әкем қасымда мәңгі жүретіндей болатын! Міне, енді әкемнің кеткеніне бүгін тура 1 ай болды! Қазір әкемді түсімде көргенде қуанып қаламын, оянсам таба алмаймын. Алланың ісіне көнемін, сабыр, басқа амалым жоқ. Әкем мені мұрнымнан сүйіп, "Еркетайдан айналайын" деп еркелететін. Кішкентайымда күнде ұйықтар алдында ертегі айтатын. Мен ауылда бастауыш мектепті бітіргенше папам мен мамамның ортасына жатып келдім. Сағындым әкемді!" - деген еді өнер иесі бұған дейін.