Еңбек министрлігі 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрықпен жаңа редакцияда кәсіби мерекелердің тізбесін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен тізімге кімдердің мерекесі қосылды:
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні - 7 сәуір;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні-16 сәуір;
Метрология қызметкерлері күні-20 мамыр;
Ветеринариялық қызметкер күні-10 шілде;
Аңшылық жұмысшылар күні-қыркүйектің бірінші сенбісі;
Жоғары білім беру қызметкерлері күні-1 қазан;
Стандарттау қызметкерлері күні-14 қазан;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні-18 қараша.