Русский Сайттың толық нұсқасы

33 жастағы әйел пластикалық отадан кейін қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2024
  • 1734

IRK.ru жазуынша, қайғылы оқиға мамыр айында болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әйел Иркутск Свердловск округінің ақылы клиникаларының біріне жоспарлы хирургиялық пластикалық операция жасау үшін келген. Анестезияға арналған препараттарды енгізген кезде әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түсті. 27 мамырда қайтыс болды.

Иркутскідегі тергеу комитеті Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 2-бөлігі бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске сала кетсек, елімізде де осыған ұқсас оқиға тіркелген болатын. Өскемендегі сұлулық салонының біріне блефаропластика жасатуға барған әйел жансақтау бөліміне түсіп артынша көз жұмған.