Русский Сайттың толық нұсқасы

Баға үшін шығарылған есептің пайдасы қандай?

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2017
  • 2411

Үйге берілетін тапсырмалардың көптігі мен тым күрделілігі ата-аналар мен балаларды тіпті тығырыққа тірей бастады. Мысалы, оралдық Айнаш есімді ана қызының үй тапсырмаларын орындаудан қажығаны сонша, есептерді интернеттегі бағдарлама арқылы шығарып отыр. Мұны анасына 5-ші сыныпта оқитын Жаннаның өзі үйретіп қойған.

Айнаш Саматқызы, Орал қаласының тұрғыны:

Математикадан, мысалға, «ФОТОМАТЧ» деген программа шыққан. Суретке түсіріп алса, берген тақырыпты телефон автоматты түрде өзі шығарады. Міне сөйтіп көшіріп отырмыз. Менің миым жетпейді ата-ана болып. Ол үшін бірге сабаққа баруым керек күнде. Күнде таңертең сабаққа барсаң, жұмысың қалады.

Жақсы баға үшін ғана шығарылған есепті Жанна бәрібір түсінбеді. Тапсырма орындалды, бірақ басқа қонған білім жоқ. Тақырып ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сарапталық бағдарламасында талданады. Жіберіп алмаңыздар!