Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық шаруалар көмек сұрайды

Атырауда тасқын су астында қалған шаруашылықтар көмек ала алмай отыр. Тіпті олардың нақты саны да белгісіз. Махамбет ауданы мен Атырау қаласы бойынша 140 қожалық деп шамалайды. Аймақта тасқыннан зардап шеккен шаруаларды қолдау комиссиясы енді құрылып, іске кірісіп жатыр. «AMANAT» партиясы жанындағы агросекторды дамыту жөніндегі кеңесте осы мәселе талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды. Жиналған шаруалардың талабы – жалғыз. Кеткен шығынды толық өтесін,- дейді. Егіншілер былтыр күзде жерін жыртып, көктем шығысымен егін салып тастаған. Әліптің артын бағып, жыртылған жерге дән сеппегендер де бар. Малмен айналысатын шаруалардың да қора-қопсысы сол күйі суда тұр, ал төрт түлігі жан-жақта шашылып жүр. Ауыл шаруашылығымен жан баққан шаруалар табыссыз қалдық,- дейді. 

Бейбіт ӨТЕБАЛИЕВ,  ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Талабымыз нақты. Бізге айтқаны егілген жерге тек төлейміз деп. Бірақ біз судың келетінін біліп, біз екпей қалдық. Бірақ ана жылы жерді дайындап қойдық. Бірнеше гектарды жыртып қойдық. Соның шығынын кім өтейді. Сосын үй мәселесі. Басындағы үйдің төлемақысы суға кеткен, қораның мәселесі. Соларға нақты бермейміз деп жатыр.

 Бұл мәселе тезірек шешілмесе, аймақтың азық-түлік тапшылығына әкелуі мүмкін. Сондықтан «AMANAT» партиясы өкілдері жергілікті әкімдіктегі жауаптылармен байланыса отырып, тығырықтан шығар жол табамыз,- деді. 

Жеңіс ӘБІЛКӘРЕС, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА , КӘСІПКЕРЛІК, АГРОСЕКТОРДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Комиссия құрып, ол комиссиының негізгі міндеті алгоритмдер ұсыну немесе жергілікті атқарушы биліктің өзіндік билігі жетпейтін болса, заңдардан кедергі болса, министрлікке, орталық билікке әртүрлі ұсыныстар жеткізіп, осы аз уақыттың ішінде мәселені тез шешу жұмыстанып отырмыз.