Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Нью-Мексика штатында орман өрті үйлерді шарпыды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2024
  • 1132

АҚШ-тың Нью-Мексика штатында алапат орман өрті үйлер мен автомашиналарды шарпыды.

Соңғы мәліметке қарағанда, 1400-дей баспана мен өзге де нысандар күлге айналған. Бір адам қаза тауып, Рудосо елдімекенінің 7 мыңдай тұрғыны түгел қауіпсіз жерге көшірілді.

Ал Чикаго, Нью-Йорк сияқты бірнеше штатта аптап ыстық. Сондықтан, мұнда суға түсушілер көбейген. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.