Русский Сайттың толық нұсқасы

Қар көшкінінен опат болған әскерилердің отбасыларына Мәжіліс депутаттары көңіл айтты

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2017
  • 1898

Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды. Қорғаныс министрлігі мен құқық қорғаушылар бұл оқиғаның себебін анықтап, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету үшін барлық шараларды қабылдайды.

Бұл туралы Мәжілістегі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Қаза тапқандардың туыстарының қайғысына Мәжіліс депутаттары да ортақ екендерін білдірді. "Марқұмдардың жақындарымен бірге қайғырып, қабырғамыз қайысып отыр" деді депутат. Ал Мәжіліс атынан "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі:

Жамбыл облысындағы қайғылы жағдайға орай әскери азаматтардың өмірмен қоштасқанына байланысты елге де, отбасы, туған-туыстарына да барлықтарыңыздың атынан қайғырып көңіл айтуға рұқсат етіңіздер. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА