Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандық Камагүл Мұсаходжаева талай адамның жанына араша болып жүр

Түркістандық Камагүл Мұсаходжаева да талай адамның жанына араша болып жүр. Дәрігердің бір ауыз жылы сөзі науқастың дертіне дауа, еміне шипа болады дейді ол. Сондықтан алдына келген әрбір жанға мейірімін төгіп, бар ынта-ықыласымен көңіл бөледі. 

Камагүл Мұсаходжаева - Түркістандағы орталық ауруханада терапия бөлімінің меңгерушісі. 25 жылдан бері еңбек етеді. Терапевт дәрігердің біліктігілігі өз алдына, әрбір сөзі жаныма жылу береді дейді түскістандық зейнеткер Оразгүл Сәрсенханова. Қан қысымы жиі көтерілетінін айтқан кейуана кем дегенде жылына бір осы ауруханада ем алады.

Оразгүл СӘРСЕНХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Үш күн болды бүгін жатқаныма. Әйтеуір осы жерге зорға кіріп едім, құдайға шүкір қазір екі күннен бері тамақ ішіп, сөз сөйлеп, құдайға шүкір деп отырмын, балам. Менің сол давлением көтеріліп кетеді..200 болады. 200 ден де асып кетеді.
Еңбек жолын осыдан 35 жыл болып Темір жол ауруханасында терапевт- дәрігер болып бастаған Камагүл Мәдиқызы өзінің өміріндегі бір оқиғаны әлі күнге ұмытпаған. Түнгі кезекшілікке түскен алғашқы күні пойызда жеген тауық етінің сүйегі тамағына тұрып қалып, дем жетпей жаны қысылған кісіге шұғыл көмек көрсеткен. 25 жасымда адам жанын сақтап қалу үшін арпалысқан бұл жаңдай менің өмірімдегі ең бірінші тәжірибем еді дейді. Содан бері талай жанның дертіне дауа, еміне шипа болып жүр. Төрт перзенттің анасы мамандық таңдауда қаталеспегеніне әлі күнге қуанады.

Камагүл МҰСАХОДЖАЕВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Маған өзіме кейде сұрақ туындайды : Алла тағала саған екінші рет ғұмыр берсе қандай мамандықты таңдайтын едің?..Сол кезде менің айтатын жауабын біреу-ақ – МЕДИЦИНА. Себебі медицина –менің шексіз махаббатым!.
Түркістандағы қалалық орталық аурухана облыс орталығы мен іргелес жатқан елдімекен халқына қызмет етеді. 600 ден астам маман жылына 18 мыңдай халыққа медициналық көмек береді. Бұрындары Астана мен Алматыға ем іздеп сабылатын науқастар қазір жергілікті жерде еміне шипа табатын дәрежеге жетті.