Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталуға жақын

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2024
  • 1786

Бүгінде мектеп құрылысының 80 пайызы аяқталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2024 жылғы 20 маусымында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков және «KAZMinerals» компаниясы өкілдерінің төрағалығымен Заря шағын ауданында салынып жатқан 1200 орындық мектеп құрылысы бойынша көшпелі кеңес өтті.

Кеңес барысында білім ошағының құрылыс барысы таныстырылып, өзекті мәселелер талқыланды.

2024 жылдың 1 тамызына дейін нысанды Абай облысының білім басқармасының қарамағына тапсыру жоспарлануда.