Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет экономиканың өсіміне салынған инвестиция көлемін 9,6 трлн теңгеге бағалайды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2024
  • 674

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров экономикадағы өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге инвестициялау жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл сомаға бюджетте қарастырылған бюджеттік инвестициялар және бюджеттен тыс инвестиция көздері кіреді.

«Негізгі бөлігін 7 трлн теңге көлеміндегі бюджеттен тыс инвестиция көздері алады. Біріншіден, бұл біздің ұлттық холдингтеріміздің қаражаты. «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтеректің» барлық еркін өтімділігі осы өсу бағдарламасына бағытталған. Екінші көзі — ішкі және сыртқы капитал нарығы. Біз қазір ішкі ресурстарды белсенді түрде тартып жатырмыз. Бұл екінші деңгейдегі банктер мен басқа да институционалдық ішкі инвесторлардың қаражаты», - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Халықаралық қаржы ұйымдарымен де маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жобаларға ұзақ жеңілдікті қаржыландыру көздері тартылып жатыр. Сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлардың жеке инвестициялары маңызды рөл атқарады.