Русский Сайттың толық нұсқасы

"Депрессияда болдым": Балжан Бидаш тұрмыста болған кездегі қиын сәтті есіне алды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2024
  • 309

Танымал әнші Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдарында қатты күйзеліске түскенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әзілкеш Жахан Отарғалиевпен үйленіп, үш жылдан кейін ажырасып кеткен еді.

“Достар, шыны керек осы сұрақтардан шаршап кеттім. Бүгін нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда "ажырасып кетемін" деп ойламайды. "Соңына дейін сол жанмен бірге бақытты боламын" деп ойлайды. Тағдыр емес. Қарым-қатынасымыз тоқтау керек уакытында тоқтады. Ажырасу кімге болсын оңайға соқпайды. Депрессияда болғанда көзің көрмей қалады ғой. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да мораль тұрғысынан оңай болған жоқ. Психолог жағаламадым. Тек депрессияда жүріп, уақыт өткізіп алмас үшін болашағыма жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолға алдым. Табыс табуға кірістім. Аяқтан тұру үшін кәсіп тренингтерге бардым. Сол кезде бір кәсіп-жаттықтырушы ақыл-кеңестерімен алға жылжуға шабыттандырған еді. Ол кісі оқи ма, жоқ па білмеймін, сол кісіге алғыс айтқым келеді… Осындай кезде жақындардың, жаныңда дұрыс кеңес беретін, жол көрсететін, қолдау көрсететін адамдар болуы маңызды өз қалпыңа келгенше", – деп жазды әнші.

"Ұрпағымды жалғастыратын адам жоқ": Жахан Отарғалиев жанына батқан дерті туралы айтып берді

"Бөпенің киімдері мен заттарын беретін": Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдары туралы айтты

Сонымен қатар эстрада жұлдызы қиын кезеңнен қалай шыққанын айтып берді.

“Ажырасқан соң өмір бітіп қалмайды. Ол адамды кезіктірмей тұрып, қалай өмір сүрдіңіз. Солай өмір сүре бересің. Бірақ одан да жақсы өмір сүресің. Өзіңді жақсы көрмей тұрып, бүкіл өміріңді, өзіңді біреуге беріп тастағанда өзімді жоғалттым дей беріңіз. Өмірде барлығынан шаршағанда ақылды, табысты, еңбекқор адамдардың өмірін тыңдадым және оқыдым. Одан кейін спортпен айналыстым. Осылардың барлығын жасағаннан кейін, жеңіл өтіп кетті”, – дейді эстрада жұлдызы.