Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді кәсіпкерлерге еш кепілсіз төлемді кейінге қалдыруға болады

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2024
  • 278

Қаржы министрлігі төлемдерді кейінге қалдырудың жаңа тетігі қарастырып жатыр.

Бұрын төлемдерді кейінге қалдыру тек банктік кепілдік немесе мүлік беру арқылы жүзеге асырылатын, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Енді тәсілдерді қайта қарастырып жатырмыз. Егер салық төлеуші тәуекелсіз болса, егер оның өндірістік базасы, жұмыскерлер саны, салық жүктемесінің коэффициенті жоғары болса, біз оған ешқандай кепілдіксіз салықтар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін береміз", - деді ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Сондай-ақ, импорт кезінде ҚҚС салығы бойынша, егер тауар өндіріс процесінде пайдаланылса, төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.