Күрес түрлерінен Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуан Шәміл Досбол жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық олимпиадалық комитет атап өткендей, грек-рим күресінен 60 келі салмақта ел намысын қорғаған ол екі дүркін Азия чемпионы болды.
Шәміл Досбол 17 жасқа дейінгі спортшылармен белдесіп, Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда Өзбекстанның өкілімен тең түсті. Алайда соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан жеңіс қазақ спортшысына берілді.
Одан басқа, 92 келідегі Әділет Тойшы күміс медальді иеленсе, Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі) мен Едіге Төлеутаев (51 келі) қола жүлдеге ие болды.
Алмат Кебіспаев жаттықтыратын грек-рим күресінен U-17 құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді.