Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауға қоқиқаз ұшып келді

Атырауға «Қызыл Кітапқа» енген қызғылт қоқиқаз ұшып келді. Сирек кездесетін құс шаһар маңындағы «Сасық сай» булану алаңына қонды. Тізбектеліп келіп, су бетінде еркелей жүзіп, алаңсыз ұшып жүр. Көздің жауын алар әдемі көрініске қала тұрғындары мен қонақтары куә болды. Бұл суда қоқиқазға қорек болатын ұсақ шаянтәрізділер бар деген сөз,- дейді мамандар. Олар жабайы құс тобының пайда болуы экологиялық жағдайдың жақсарғанының белгісі болуы мүмкін екендігін айтады.