Батыс Қазақстан облысында полицейге оқ тиді. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Оқыс оқиға бүгін таңертең облыстық полиция департаментінің өткізу-бақылау пункті ғимаратында болған. 21 жастағы сақшы жедел жәрдеммен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер шұғыл операция жасағанымен, науқастың жағдайы ауыр. Қазір болған жағдайдың жай-жапсары анықталып жатыр. Жас сақшы өзін-өзі абайсызда атып алды ма, әлде басқа да себептері болды ма, әзірге белгісіз.
Нұржан ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция қызметкері қазіргі уақытта жансақтау бөліміне жеткізілді. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.