Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 65 қазақстандық мемлекет талаптарын бұзып шетелдік жұмыс күшін пайдаланған

Алматыда 65 қазақстандық мемлекет талаптарын бұзып шетелдік жұмыс күшін пайдаланған. Бұл арнайы рейд кезінде анықталды. Шетелдіктер қаладағы құрылыс ғимараттарының бірінен ұсталған. Қалалық көші-қон қызметінің хабарлауынша, шетелдік жұмыс күшін тартудың арнайы тәртібі жеке және заңды тұлғалар тарапынан өрескел бұзылған. 

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы қаласының полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында нысандардың бірінде қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген 51 шетелдікті анықтады. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, ПД-ның қабылдап-тарату орталығына орналастырылған. Нысанның басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.