Русский Сайттың толық нұсқасы

«Су тапшылығы болмайды»,- Н. Алдамжаров

Биыл суармалы жерлерде су тапшылығы болмайды. Бұл туралы бүгін Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров айтты. Суару кезеңі басталғалы 20 мыңнан астам шаруа суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етілді. «Қазсушар» филиалдары дихандарға, шамамен, 2,8 млрд текше метр су берді. Биыл кәсіпорын 790 мың гектардан астам егіс алқабын суаруға 7,6 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Оның 7,3 млрд–ы республиканың оңтүстік өңіріне жұмсалады. 

Мөлдір ӘБДУАЛИЕВА, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Еліміздің 6 өңірінде – Алматы, Түркістан, Қызылорда, БҚО, ШҚО және Жетісу облыстарында «Қазсушар» филиалдары 651,7 шақырымнан астам каналды механикалық әдіспен тазалайды. Және де жөндеу жоспарланған 400-ден астам гидробекеттің 102-і жөнделді. Жалпы Қазақстанның су қоймаларында 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық.