Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық әйел бизнес ашамын деп, 40 миллион теңгеден қағылды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2024
  • 257

Астана тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арызданған. Әйелдің айтуынша, танысы оны 40 миллион теңгеге несие алдыртып, бұл ақшаны өзіне беруге көндірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ақшаға танысы Кениядан алтын сатып алып, дәрі-дәрмек сататын кәсіп ашуға көмектесуге уәде берген. Алайда ол алған қаражатты өзі жұмсап жіберген.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.