Көкшетау қаласында шаруашылық құрылыстан өрт шықты. Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
Белгілі болғандай, 60 шаршы метр алаңдағы шаруашылық құрылыстың шатыры өртенген.
«Өрт сөндірушілердің сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол бермеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтті ведомстводан.
Сондай-ақ өрттің себебі анықталып жатқаны айтылды.