Русский Сайттың толық нұсқасы

Щучинск қаласында Мазут арыққа ағып жатыр

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2024
  • 368

Ақмола облысы Щучинск қаласында жылу қазандықтарынан төгілген мазут арыққа ағып жатыр.

Су арнасының ластануына алаңдаған тұрғындар әлеуметтік желіге бейнежазбалар жариялап, тиісті мекемелерден көмек сұрады.

Жауаптылардың мәліметінше, арыққа аққан лас су өзен-көлдерге құйылмайтын көрінеді.

Ал мұндай жағдайға мекеменің 8 тонна сұйық отынды абайсызда төгіп алуы себеп болған. Сол кезде қызметкерлер оны жерге көміп қана амалдаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен, биыл орманнан келген қар суы арыққа ағып, сай-саланы толтырғандықтан мазут жер үстіне шыға бастаған.

Мұндай олқылыққа жол берген жылу мекемесі енді айыппұл төлейді.

"Экология департаменті бізге енді тапсырма берді. Ремедиация жоспарын құрастыруға. Сол жоспарды біз 1-ші шілдеге дейін тапсыруымыз керек. Оны қолдағаннан кейін арықты тазалау жұмыстары басталады."