Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жалған есеп қисап құжат жасаған диқандар сотталды

Павлодарда Ресейден арзанға бидай сатып алып, оны «қазақстандық өнім» - деп жалған құжат жасаған диқандар сотталды. Олар өнімді басқа елдерге экспортқа шығарып, қымбатқа сатып келген. Осылайша, 50 млн. теңге көлемінде пайда тауыпты. Ал мемлекетке 4 млрд-тан астам сомманың залалын келтірген. Жалған құжат жасаумен айналысқан бірнеше диқан 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса дүние мүлкі де тәркіленді. Өңірдің экономикалық тергеп тексеру департаменті соңғы 5 айда алаяқтық жолмен атқарылмаған жұмыс үшін жалған құжат жасағандарға қатысты 16 қылмыстық іс қозғады. Оның 14-і сотқа жолданды. Қалған екеуі әлі тергеліп жатыр. Жалпы шығын көлемі 6,3 млрд теңгені құрайды. 

Жоламан ҚИНАЛБЕКОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ 1-ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ол біздің жергілікті өңіріміздің шаруа қожалықтарына өзінің зиянын келтіреді. Өйткені, біздің өзіміздің өнімдер шетелге шықпай қалуы мүмкін. Немесе шыққан күннің өзінде бағасы төмен болып кетеді. Сондықтан бізге көп зиян келтірді экономикамызға.