Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда автобус жол апатына ұшырады

Алматыда автобус жол апатына ұшырады. Оқиға Мақатаев және Масанчи көшелерінің қиылысында болған. Ауыр соққыдан 1 адам қаза тауып, 24 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. 

Ләйлә ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Нөмірі 18 автобустың қатысуымен болған жол апаты салдарынан 25 адам зардап шекті. Өкінішке орай 1 адам медициналық көмек келгенше қайтыс болды. 2 науқасқа медициналық көмек көрсетіліп амбулаториялық емге жіберілді. Қазіргі таңда 22 науқас стационарлық емге ауруханаға жеткізіліп, ем-дом алып жатыр.

Полиция адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Ал куәгерлердің айтуынша, нөмірі 18 автобус Мақатаев көшесінің бойымен жүйткіп келіп, KIA маркалы көлікке соғылып, артынша ғимаратқа соққан. 

Асхат, КУӘГЕР:

Ол автобустың тежегіші бәрі жақсы болса бәрі ол ары кеткенде 20-25 метрге сырғанайтын еді. Ал ол 40-50метрге барды значит ол өзі ие бола алмай қалды. Рульге де ие бола алма қалды сондықтан ана жерге будкаға барып бір ақ соғысты. Құдай сақтап қайта ана столбқа соғысқан жоқ. Столбқа соғысқанда адамдардың жертвасы көп болатын еді.