Русский Сайттың толық нұсқасы

Автожол жобаларына 286 миллиард теңге бөлінді

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2017
  • 2353

Биыл Қазақстандағы автожол жобаларына 286 миллиард теңге бөлінді. Оған ұзындығы 3200 шақырымды құрайтын 12 жаңа жобаны бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының «индустриалды даму» тақырыбында өткен жиынында белгілі болды.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2015-2019 жылдарға көлік саласына қатысты 16 жоба жүзеге асырылады. Оның он бірі автожол, екеуі темір жол және бір жоба теңіз саласы бойынша.

Роман Склярдың айтуынша, биыл елімізде жалпы ұзындығы төрт жарым мың шақырымға жуық жерде құрылыс пен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мультимодальды «Еуразия құрлық аралық дәлізі» Азия мен Еуропа арасында кедергісіз жүк тасымалдауға мүмкіндік бермек. Жоспардағы жұмыстардың барлығын үкіметпен бірлесе отырып атқару керек, - деді депутат Аманжан Жамалов.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:


Президенттің жолдауында біздің комитеттің жұмысына қатысты көп айтылды. Бұл жүз нақты қадамның жалғасы ретінде болып отыр. Ендігі қызмет - осы жоспарларды орындау үшін үкіметпен бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет.