Русский Сайттың толық нұсқасы

Қобда ауылында құрылысшылар 61 үйдің шатырын жабуға көшті

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2024
  • 395

Су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауданының орталығында 15 құрылыс компаниясы 130 үй салып жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Қазір мердігерлер жұмыс күшін арттыра отырып, құрылысқа қарқын берді. Нәтижесінде 23 тұрғын үйдің шатыры толығымен жабылды, 61 үйдің шатыры жабылуға жақын.

121 тұрғын үйдің кейбірінде кірпіштері қаланған, енді бірінде ақ-қызыл кірпіштерді қалау жұмыстары аяқталмақ. Құрылысшылар сондай-ақ, үйдің ішін де әрлеуді, 9 үйдің іргетасын құюды бастады.

Ал Жарық ауылында 17 үй салынып жатыр. Барлығы кірпіштен тұрғызылып, қабырғалары сылануда.

Құрылыс процесі бейнебақылау камералары арқылы бақыланып отыр.